Астанада 11 наурыз күні бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты осындай шешім қабылданған.
«2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.