Жолды 2026 жылы 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: istockphoto.com
160
оқылды

ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2026 жылғы 11 наурыз сағат 00:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналып өтуі — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 910 — 1103 шақырым аралығында (Қалбатау ауылы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 11 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.