Қоғамдық көлік белгіленген кестеге сәйкес штаттық режимде – сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Астанада 15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
Фото: gov.kz
154
оқылды

Астана қаласында 15 наурыз күні өтетін республикалық референдумға байланысты қалалық, экспресс және қала маңындағы автобус бағыттарында жол жүру тегін болады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Бұл күні қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көлікпен ақысыз қатынай алады. Бұл шара азаматтардың қатынауын жеңілдету және дауыс беру учаскелеріне жетуді оңайлату үшін қабылданды.

Ал 16 наурыздан бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде қызмет көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.