Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
14 наурызда Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
145
оқылды

14 наурыз күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, елдің бірнеше облысында тұман түсіп, жел күшейіп, жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін.

Қостанай облысы, Маңғыстау облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы және Жетісу облысы аумақтарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ал Алакөл көлі маңында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы аумақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады деп болжанып отыр.

Ақмола облысында түнде және таңертең қар жауып, жаяу боран соғуы мүмкін. Сондай-ақ көктайғақ болып, күндіз қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ал Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу боран және көктайғақ болжанып отыр. Сонымен қатар кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында күндіз облыстың орталығы мен оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ал Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында тұман түсіп, желдің екпіні 18 м/с дейін күшеюі ықтимал.

Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда және ашық жерде қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.