Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан­дағы жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
76
оқылды

Қырғызстан Президентінің пікірінше, жаңа Консти­туция бойынша дауыс беру қорытындысы қазақстан­дық­тар­дың Қасым-Жомарт Тоқаев қолға алған саяси және әлеу­меттік-экономикалық жаңғыру жолын толық қол­дай­ты­нын көрсетеді.

Мемлекет басшысы жылы лебізі және Қырғызстаннан бай­қаушылар жібергені үшін Садыр Жапаровқа риза­шы­лы­ғын білдірді. Сондай-ақ конституциялық реформа мем­ле­кеттік басқарудың тиімділігі мен халықтың әл-ауқатын арт­тыруға бағытталғанын айтты.

Тараптар қазақ-қырғыз сан қырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі ел ара­сын­дағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақ­ты тереңдетуге ниетті екендерін растады.

Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәрті­бін­де­гі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сонымен қа­тар алдағы кездесулердің кестесін пысықтады.