Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Республика бойынша тұман болуы ықтимал - Қазгидромет
Фото: iStock
91
оқылды

Алдағы күндері Қазақстан Республикасының басым бөлігінде күндізгі ауа температурасының одан әрі көтерілуі күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алайда елдің солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. 

Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде +10…+15°С-қа дейін, оңтүстікте +15…+20°С-қа дейін көтеріледі. Ал солтүстік пен шығыс өңірлерде +3…+8°С шамасында болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.