Nur Otan партиясына бірқатар облыстардан коронавируспен күресу үшін бюджеттік сала қызметкерлерін бір күндік жалақыларын аударуға мәжбүрлеген әрекеттерге шағымданған хаттар келіп түсті.
Nur Otan партиясы мұндай әрекеттерге үзілді-кесілді қарсы. Керісінше, дәл қазіргідей қиын жағдайда бастарын қатерге тігіп, алдыңғы қатарда тұрған дәрігерлерге, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне, сондай-ақ, жұмыстарын қашықтан істеуді жалғастырып жатқан мұғалімдерге қолдау көрсету қажет.
Коронавируспен бірлесіп күресу үшін қаражат жинауға тек ірі бизнес өкілдері ғана шақырылды. Оның ішінде, көмек қолын созуға өздері ниет білдірген, ең бастысы, оған қаржылай мүмкіндігі барлар ғана жұмылдырылды. Егер сіз жұмыс беруші тарапынан осындай заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, бізге төменде көрсетілген байланыстар арқылы дереу хабарлауыңызды өтінеміз.
????-??????: 8 800 080 44 41
?????: komek@nurotan.kz
????????: 8 700 800 44 41
????????: https://www.facebook.com/profile.php?id=100034706720426
?????????: https://www.instagram.com/halykkakomek/