Марқұммен қоштасуға келгендердің қатарында жергілікті шенеуніктер мен депутаттар да болды.
Ақтөбеде 17 жасында кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімнің мәйітін жер қойнына тапсырды
107
оқылды

Ақтөбе облысының Шалқар қаласында 17 жасында қаза тапқан Әлихан Жәнібекті соңғы сапарға шығарып салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жасөспірім жастар арасындағы жанжал кезінде қаза тапқан. Марқұммен қоштасуға келгендердің қатарында жергілікті шенеуніктер мен депутаттар да болды.

Алиханның туыстары Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровқа, облыс прокуроры Марат Әбішевке және облыстық полиция департаментінің басшысы Қайыркен Әлиевке үндеу жолдады. Олар жастар арасындағы топтық қақтығыстарды тоқтатуды, кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тартуды және істің жан-жақты әрі әділ тергелуін талап етті. Сонымен қатар іс бойынша толық әрі ашық ақпарат беруді сұрады.

Еске салайық, қайғылы оқиға 20 наурызға қараған түні болған. Жастар арасындағы төбелес кезінде Әлихан Жәнібек пышақ жарақатын алып, көз жұмған.

Марқұм өткен жылы педагогикалық колледжге оқуға түсіп, болашақта дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды армандаған.

Айта кетейік, бұған дейін де осы өңірде жастар арасындағы жанжал кезінде мектеп оқушысы пышақ жарақатын алған болатын.