Астанадағы "Рақмет" сауда орталықтарының жанында, Тілендиев көшесінің бойында екі таныстың арасында жанжал шы,ып, соңы кісі өлімімен аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген бейнежазба кеңінен таралды. Бұл жағдайға қатысты Астана қаласының полиция департаменті түсініктеме беріп, ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы жігіттің ұсталғанын мәлімдеді.
«Адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 20 жастағы күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Таныстар арасындағы жеке араздықтан туындаған сөз қақтығысынан күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалы жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram