Оларды жақын жердегі елді мекенге жеткізіп, одан әрі жолдарын жалғастыруына мүмкіндік берді.
Ақмола облысында құтқарушылар қиын жағдайға тап болған жолаушыларды құтқарды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
94
оқылды

Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Шолақ көлі маңында төрт ер адам, оның ішінде бір бала, жеңіл автокөлікпен терең қар мен батпаққа батып қалды. Қар еріп, жол жүру қиындағандықтан, олар лайдан өздігінен шыға аламаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қарлы-батпақты учаскелерді еңсеріп, көлікті тауып, ішіндегі адамдарды эвакуациялады. Оларды жақын жердегі елді мекенге жеткізіп, одан әрі жолдарын жалғастыруына мүмкіндік берді.

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ өкілдері көктемде ауылдық және батпақты жолдар арқылы жүру кезінде ауа райы мен көліктің жағдайын міндетті түрде ескеру қажет екенін ескертеді.