Зерттеу нәтижелері мемлекеттік мерекелердің символдық саясаттың маңызды тетігі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуда ерекше рөл атқаратынын көрсетті.
Наурыз – Қазақстандағы ең танымал әрі кеңінен аталып өтетін мейрам: әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі
28
оқылды

Қазақстандық қоғамдық даму институты (ҚҚДИ) «Мемлекеттік мерекелер символдық саясат құралы ретінде» атты кешенді әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелерін ұсынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Зерттеу мемлекеттік мерекелердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы және қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлін талдауға бағытталған. Зерттеу барысында еліміздің барлық өңірлерінен 3 000 респондент қатысып, сарапшылармен 25 тереңдетілген сұхбат және 20 фокус-топтық талқылау жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері мемлекеттік мерекелердің символдық саясаттың маңызды тетігі ретінде қоғамдағы бірлікті нығайтуда ерекше рөл атқаратынын көрсетті.

Қоғамдық қабылдау бойынша сөзсіз көшбасшы – Наурыз мерекесі. Қазақстандықтардың 94%-ы бұл мерекені жақсы білсе, 87,6%-ы оны атап өтеді. Азаматтардың басым бөлігі үшін Наурыз – жаңару мен ұрпақтар сабақтастығының символы, қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін дәстүрлер көрінісі.

 

 

1-сурет. «Наурыз мейрамы» мерекесін қабылдау дифференциациясы

Жаңа жылмен салыстырғанда Наурыз мерекесі қатысу деңгейі мен мазмұндық маңыздылығы жағынан жоғары көрсеткіштерге ие. Жаңа жылды атап өту жиілігі 76,7% деңгейінде болғанымен, қоғамдық тәжірибелер біртіндеп Наурыз мейрамы сияқты дәстүрлі мерекелерге қарай бет бұрып келеді.

 

2-сурет. Жаңа жыл мерекесінің символдық маңыздылығының төмендеуі

 

Көрсеткіштер Наурыз мерекесінің елдің барлық өңірлерінде кеңінен таралғанын айқын көрсетеді: мерекені атап өту үлесі 63,3%-дан 100%-ға дейін өзгереді. Бұл оның әмбебап әрі біріктіруші сипатқа ие екенін айғақтайды.

Эмоционалды қабылдау нәтижелері де Наурыздың айқын көшбасшы екенін көрсетеді: респонденттердің 89,6%-ы бұл мерекеге күшті эмоционалды әсер сезінетінін атап өткен, бұл басқа маңызды күндермен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш.

Зерттеу нәтижелері мерекелердің гуманистік және әлеуметтік бағыттағы мазмұнын дамытуға қоғам тарапынан сұраныстың бар екенін де көрсетті. Ең жоғары сұранысқа ие бастамалардың қатарында қатысушылар отбасылық құндылықтарды нығайтуға арналған мерекелерді (10,3%), жастарға бағытталған мерекелерді (7,6%) және экологиялық тақырыптағы бастамаларды (5,5%) атады.

Сапалық зерттеу деректері Наурыздың қазақстандықтардың күнделікті өмірінде терең орныққанын растайды. Жаңару мен жаңғырудың, мәдени сабақтастықтың символы ретінде Наурыз табиғаттың оянуымен, халықтың бірлігімен және дәстүрлердің сақталуымен тығыз байланысты. Осы арқылы ол ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін және қазақстандық бірегейліктің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қабылданады.