Желі қолданушылары тойда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованы бірге көргеніне қуанып, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Мен сияқты бесеу тапсын»: Жұлдыз Әбдікәрімова Жанболат пен Жазираның тойында ерекше тілек айтты (видео)
206
оқылды

Актриса, Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова Жанболат пен Жазираның отбасындағы тойдан бейнежазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол жұлдызды жұптың келініне өзі сияқты көпбалалы ана болуды тіледі.

"Әр шаңыраққа дәл осындай той жұғысты болсыншы. Аға, әпке, той құтты болсын! Келіндеріңіз кемінде мен сияқты бесеу тапсын. Өздеріңізге қарап бой түзеп, қызығып, қызметтеріңізде болуға тырысып келеміз. Сіздердей ұлды ұяға, қызды қияға қондыру бұйырсын", - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова. 

Желі қолданушылары тойда Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованы бірге көргеніне қуанып, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.