Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консер­ваториясы QS әлемдік рейтингінде үздік 100 ұйымның қатарына енді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Үздік 100 ұйымның қатарына енді
91
оқылды

QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингісі бойынша, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы «Орындаушылық өнер» бағыты бойынша ТОП-100-ге еніп, 51-100 орындар диапазонында бағаланды.

Бұл – әлемдік жаңа рейтингілік көрсеткіште Қазақстан үшін ең жарқын нәтижелердің бірі әрі отандық музыкалық білім беру саласындағы маңызды жетістік. QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингін халықаралық QS Quacquarelli Symonds талдау агенттігі жариялады. Биылғы рейтингіге Қазақстаннан 13 уни­верситет ұсынылған.