Кеше, 23 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына 13 рейс келді. Соның ішінде Дубай, Токио, Минск, Мәскеу (Внуково), Мәскеу (Домодедово), Лондон, Стамбұл, Франкфурт, Екатеринбург, Прага және Абу-Даби бар.Барлық жолаушы оқшауланып, коронавирустық инфекцияның бар-жоғы тексеруінен өткен.
– Тоғыз рейс бойынша 788 зертханалық зерттеулер жүргізіліп, оның бәрі дертке щалдықпағаны анықталды. Олар ауруханадан шығарылып, әрі қарай 14 күндей үй карантинінде отыруы тиіс. Ал қалған үш рейс әлі тексерілуде, – деді қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.