Бұл туралы оның жұбайы Бақыт Мұсабекова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Белгілі адвокат Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды
82
оқылды

Алматыда танымал заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы оның жұбайы Бақыт Мұсабекова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Әділетханды бір күн бұрын үйінде отырған кезінде белгісіз адамдар хабарласып, Полиция департаментіне шақырған. Кейін ол 10 тәулікке қамауға алынған. Жақындары соттан оны үй қамауына жіберуді сұрағанымен, бұл өтініш қанағаттандырылмаған.

Бұған дейін заңгер әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғасына қатысты видео жариялаған еді. Қазіргі таңда Алматы қаласының полициясы оған қатысты «жалған ақпарат тарату» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Бақыт Мұсабекова жолдасының кінәсіз екеніне сенімді екенін айтып, істің әділ қаралуына үміт білдірді.

– Егер ол расында жалған ақпарат таратса, неге жоғары лауазымды адамдар қызметінен кетіп жатыр? Біз нақты не болғанын білмейміз. Әділдік орнап, Әділетхан аман-есен ортамызға оралады деп сенеміз, – деді ол.

Еске салайық, бұған дейін белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.