Кездесу барысында тараптар Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандық өзекті мәселелерді, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын талқылады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісін қабылдады
Фото: gov.kz
87
оқылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Төтенше және өкілетті елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Е.Көшербаев аймақта қалыптасқан қауіпті әскери шиеленіске қатысты алаңдаушылығын білдіріп, жанжалды халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес дипломатиялық жолмен шешудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Корольдіктің шиеленісті тоқтату мен жағдайды тұрақтандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы аумағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға көмектескені үшін елшіге алғысын білдірді. Отандастардың қауіпсіздігін және Қазақстанға оралуын қамтамасыз ету біздің еліміз үшін басымдық болып саналатыны атап өтілді.

Өз кезегінде, саудтық дипломат сан қырлы ынтымақтастығымызды тереңдету үшін Қазақстанның сыртқы саяси мекемесімен тығыз серіктестікті одан әрі қуаттауға дайын екенін растады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.