Қазақстандықтарды суицидке не итермелейді?
Қазақстандықтарды суицидке не итермелейді?
© сурет интернеттен алынды
386
оқылды
Бір жыл ішінде елімізде өзіне қол салғандар саны 7,4 %-ға артқан. Адамдардың суицид жасауының негізгі себептері жалғыздық, кедейлік пен ауру-сырқау, - деп хабарлайды Елорда Инфо Ranking.kz агенттігіне сілтеме жасап. 2019 жылы Қазақстанда 3,8 мың суицид тіркелген. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,4  пайызға артық. 2018 жылы 3,5 мың адам өмірімен қоштасыпты.
«Өткен жылы 4,8 мың адам өзіне қол салуға оқталған. 2018 жылы  бұл көрсеткіш 4,2 мыңға тең болды. Ерлер арасында суицидке оқталғандар саны 2,8  мың, ал әйелдер арасында 1,9 мың адамды құрады. Кәмелетке толмағандар арасында суицид 180 болды, оның ішінде 121-і ұл бала, қалған 59-ы қыздар»,-  делінген хабарламада.
Қазақстандықтардың басым бөлігі жалғыздықтан осындай қадамға баратыны анықталды (294 суицид). Сонымен қатар материалдық жағдайдың қиындығы (205 суицид) мен ауыр дертке ұшырау (136 суицид) себеп болған. Өз еркімен өмірден кеткендердің 2969-ы асылып қалған, 169-ы биіктен секірген, ал 145-і уланып өлген. Аймақтар бойынша алғанда Алматы облысы алдыңғы орында тұр (425 суицид). Шығыс Қазақстанда (411 суицид) және Түркістан облысында (342 суицид) тіркелген.