Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында жоспарланған орындаушы Akmal-дың концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініші негіз болды. Концерт өтпей қалған.
«Концерт өтпеді»: Петропавлда тұтынушыларға 5 миллионнан астам теңге қайтарылды
118
оқылды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында қабылданған маңызды сот шешімі туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Петропавл қаласының №2 соты департаменттің жеке кәсіпкерге қатысты тұтынушылардың пайдасына ақшалай қаражат өндіру туралы талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.

Сотқа жүгінуге 2025 жылғы 25 қазанда Қостанай қаласында өтуі жоспарланған  Akmal  орындаушысының концертіне билет сатып алған азаматтардың көптеген өтініші негіз болды. Іс-шараның тоқтатылуына байланысты жауапкер тұтынушыларға ақшаны қайтару бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған (ішінара қайтарған).

Істі қарау барысында көптеген тұтынушылардың төленген қаражатты толық көлемде алмағаны анықталды. Кәсіпкерге сотқа дейінгі талап жолданғанына қарамастан, анықталған бұзушылықтар жойылмаған.

Тұтынушылардың оннан астамының құқықтары бұзылғанын ескере отырып, Департамент Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгісіз тұлғалар тобының мүддесін қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын іске асырды.

Қол жеткізілген нәтиже Департамент мамандарының үйлесімді әрі жүйелі жұмысының арқасында мүмкін болды, олар азаматтардың өтініштерін тиімді қарауды және істі сот органдарында тиісті сүйемелдеуді қамтамасыз етті.

Сот шешімімен жауапкерден жәбірленуші азаматтардың пайдасына 5 380 126 (бес миллион үш жүз сексен мың жүз жиырма алты) теңге өндірілді.

«Қабылданған сот шешімі тұтынушылардың құқықтарын мемлекет тарапынан кепілдендірілген қорғаудың маңыздылығын растайтын маңызды құқық қолдану тәжірибесі болып саналады. Қызмет көрсету нысанына қарамастан, оның ішінде электрондық платформаларды пайдалану кезінде де, кәсіпкерлік субъектілері тұтынушылар алдындағы өз міндеттемелерін тиісінше және толық көлемде орындауға міндетті.

Бұл нәтиже сондай-ақ Департамент қызметкерлерінің жоғары тиімділігі мен кәсібилігін көрсетеді, олардың үйлесімді жұмысы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады және анықталған әрбір бұзушылыққа қағидатты түрде әрекет етеді»,  деп атап өтті Департамент басшысының міндетін атқарушы Ғ. Абаев.