Көрменің мақсаты – адамның ғарышқа алғашқы ұшуынан бастап Қазақстанның заманауи ғарыш саласының қалыптасуы мен дамуына дейінгі тарихи сабақтастықты көрсету, сонымен қатар әлем тарихындағы маңызды оқиғаның 65 жылдығын мерекелеу аясында ғарыш саласының ел жетістіктеріндегі рөлін көрсету, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш мұрасын танымал етуге және саланың инновациялық дамуының мысалы ретінде коммерциялық ғарыш туризмінің 25 жылдығын жариялауға ықпал ету.
Көрме екі бөлімнен тұрады:
І. «Шексіз ғарышқа алғашқы қадам» – бөлім ғылыми прогрестің символына айналған Юрий Гагариннің ғарышты игеруде жаңа дәуірді ашқан және ғарышқа алғашқы ұшуының тарихи маңыздылығын көрсетеді.
ІІ. «Қазақстан және ғарыш» бөлімінде Қазақстан Республикасының ғарыш саласының дамуы туралы материалдар ұсынылған. Басты назарда – қазақстандық ғарышкерлер Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтің жетістіктері. Сондай-ақ бұл бөлімде тұңғыш ғарыштық турист Денис Титоның ғарышқа ұшуы туралы мәлімет беріледі.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
