Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, – деп хабарлайды Aikyn.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ және екпінді желмен бірге қатты жаңбыр күтіледі.
Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі.
Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы сағаттарда тұман болады.
Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі:
түнде 0-8 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін,
күндіз 10-23 градустан 7-15 градусқа дейін.
Елдің қалған аумақтарында ауа температурасы көктемге тән жайлы деңгейде сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
