Төтенше жағдай кезінде ғимараттан шамамен 60 адам эвакуацияланды. Өрт толықтай сөндірілді.
Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттің кесірінен үш бала қаза тапты
98
оқылды

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шығып, салдарынан үш бала көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оқиға түнде Есіл ауданындағы Түркістан көшесінде орналасқан тұрғын үйдің 15-қабатында болған. Өрт шыққан пәтерден құтқарушылар күйік шалған әйелді алып шығып, ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол – қаза тапқан балалардың анасы.

Төтенше жағдай кезінде ғимараттан шамамен 60 адам эвакуацияланды. Өрт толықтай сөндірілді.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қала әкімдігі зардап шеккен отбасыға қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.