Энергетика министрлігінің алаңында электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Нысандарды қорғау үшін хакерлер мен жасанды интеллект инженерлері оқытылады
Фото: gov.kz
100
оқылды

Кеңес жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ  KEGOC АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Орталық Азия Электр энергетикалық корпорациясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ,  Kazakhmys Energy  ЖШС сияқты жетекші электр энергетикасы және жылу энергетикасы компанияларының сарапшылары қатысты, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Сонымен қатар KAZENERGY қауымдастығының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының,  Talap  және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ өкілдері атсалысты.

Бұдан бөлек, іс-шараға «Электр энергетикасы және жылу энергетикасы» бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктердің, жоғары оқу орындарының республикалық оқу-әдістемелік кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен кәсіптік біліктілік жүйесінің өкілдері қатысты.
Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында биыл «Энергетикадағы цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану» кәсіптік стандартын әзірлеу жоспарланған.
Осы стандарт шеңберінде келесі жаңа мамандықтар қарастырылған:
• Зияткерлік (ақылды) желілерді жобалаушы;
• Энергия жүйелеріне (Smart Grid) ЖИ-ді әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер;
• Энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігі жөніндегі маман.
Бұл мамандықтар Қазақстанның Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы негізінде қалыптастырылған. Олар заманауи білім беру бағдарламаларын жасауға және саланың цифрлық трансформация талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлауға бағытталған.
«Ақылды» желілерді (Smart Grid) дамыту — алдағы 5-10 жылдағы негізгі міндеттердің бірі. Бұл мамандардан энергетика саласындағы терең білімді ғана емес, сонымен қатар жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді де талап етеді. Себебі болашақта диспетчерлік функциялар ішінара зияткерлік басқару жүйелеріне берілетін болады.
Айта кетейік, 2025 жылы салада энергетикалық жүйелерді басқару мен мониторингтеудің тиімділігін арттыруға, зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталған «Смарт-менеджер» жаңа мамандығының карточкасы әзірленген болатын.
Қазақстанның электр және жылу энергетикасы цифрландыру, автоматтандыру және зияткерлік шешімдерді енгізу сияқты жаһандық трендтерді ескере отырып дамып келеді.
Сондай-ақ Жұмыс тобы саланың ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін ескере отырып, Салалық біліктілік шеңберін өзектендірді. Жаңарту аясында саланың функционалдық картасы қайта қаралды, кәсіптік біліктілік картасы өзектендіріліп, кадрларға деген қажеттілікке талдау жүргізілді. Бұл жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау жүйесімен үйлестіруді қамтамасыз етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.