Деректерге сәйкес, ел бойынша 4 мыңнан астам препарат дәріханаларда сатылған. Тексеру барысында 74 нысан қамтылып, оның 31-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл көлемі 12,3 миллион теңгені құрады.
Тегін берілетін дәріні заңсыз сатқандар жазаланды
126
оқылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттарды таңбалау жүйесі арқылы жүргізілген талдау нәтижесінде тегін медициналық көмек аясында берілетін дәрілердің заңсыз сатылу фактілерін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Деректерге сәйкес, ел бойынша 4 мыңнан астам препарат дәріханаларда сатылған. Тексеру барысында 74 нысан қамтылып, оның 31-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл көлемі 12,3 миллион теңгені құрады.

Анықталған заңбұзушылықтардың қатарында ауруханалар арқылы берілген дәрілердің дәріханаларға түсіп кетуі бар. Оның ішінде натрий хлориді, глюкоза ерітінділері, антибиотиктер және созылмалы ауруларға арналған препараттар кездеседі.

Сондай-ақ таңбалау жүйесінде де бұзушылықтар тіркелген: ондаған мың кодтың қайталанып пайдаланылғаны белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша материалдар Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарауына жіберілді. Қосымша тексерулер жалғасуда.