Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалағанымен, теріс динамика байқалмайтынын және науқастың есін білетінін атап өтті.
Астанадағы өртенген пәтер: ауыр хәлдегі 39 жастағы әйел есін жиды
173
оқылды

Астанада болған қайғылы пәтер өртінен тірі қалған 39 жастағы әйелдің жағдайы туралы дәрігерлер жаңа мәлімет ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шегуші қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалағанымен, теріс динамика байқалмайтынын және науқастың есін білетінін атап өтті.

Мамандардың айтуынша, әйелге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Тыныс алу жолдарының зақымдануына байланысты ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сонымен қатар, жүрек соғысы мен қан қысымы тұрақты деңгейде.

Дегенмен күйік жарақаттары мен ағзаның улануы емдеу процесін күрделендіріп отыр.

Дәрігер-травматолог Марат Сабировтың сөзінше, науқастың жағдайы ауыр болғанымен, тұрақты. Ол есін біледі және дәрігерлердің нұсқауларына жауап бере алады. Қазіргі уақытта қажетті дәрілік терапия жүргізіліп, тыныс алуы арнайы аппарат арқылы қамтамасыз етілуде.