Ақмола облысының Шортанды ауданында жантүршіктірер трагедия болды.
Шортандыдағы жол апаты: Chevrolet Cobalt аударылып, үш адам көз жұмды
265
оқылды

Оқиға кеше кешкісін Новоселов ауылының маңында болған. Жүргізуші көліктің тізгініне ие бола алмай, Chevrolet Cobalt көлігі жолдан аударылып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Апат салдарынан жүргізуші әйел сол арада бірден көз жұмған. Сондай-ақ екі ер адам қаза тапты. Бірі жедел жәрдем көлігінде жан тапсырса, екіншісі ауруханаға жеткенімен, дәрігерлер оның өмірін арашалай алмаған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің мәліметінше, үш адам да бастан және денесінің бірнеше бөлігінен ауыр жарақат алған. Олардың бәрі Жолымбет ауылының тұрғындары болып шықты. 

Аталған суыт оқиға бойынша Ақмола облысы Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. 

–  Қайғылы оқиға 19 сәуір күні «Жолымбет-Пригородное» облыстық маңызға ие трассасының 5 шақырымында болған. Chevrolet Cobalt автокөлігі жолдан аударылып кеткен. Салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты. Бір жолаушы түрлі деңгейдегі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, –  деді Ақмола облысының Полиция департаментінен. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Оның нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданбақ. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы