«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ұлттық кітап күні қарсаңында «Балалар әдебиеті-рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында өткен кездесу барысында оқушылар қонақтың өмір жолы, ғылыми еңбектері мен жетістіктері туралы тың мағлұматтар алды. Марат Оралбайұлы өзінің білім мен ғылымға деген көзқарасын бөлісіп, жастарды ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа және отаншылдыққа шақырды. Оқушыларға рух, отаншылдық, ұлттық құндылықтар, тілге құрмет туралы әсерлі ойларын айтып, ел болашағы білімді де саналы ұрпақтың қолында екенін атап өтті.
Сұрақ-жауап бөлімі ерекше қызықты өтіп, оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Кездесу жас ұрпақты ынталандырып, болашаққа деген сенімдерін арттырды. Осындай тағылымы терең кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дамуына, білімге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді.
Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ
