Министр Қазақстан ТМҰ-ның құрылуына бастамашы мемлекет ретінде түркі интеграциясын одан әрі дамыту мен нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Осы тұрғыда, өзара іс-қимылдың басым бағыттары бойынша іс жүзіндегі ынтымақтастықты тереңдетудің және бірлескен жобаларды іске асырудың маңыздылығына көңіл аударды.

Бас хатшы Өңірлік экологиялық саммиттің (ӨЭС) жұмысын жоғары бағалап, мұндай ауқымды іс-шараның қорытындылары орнықты тәжірибелерді енгізуге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
Сонымен бірге К.Омуралиев ӨЭС аясында өткен ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің Қоршаған орта және экология министрлерінің 2-отырысының нәтижелері туралы хабардар етті.
Кездесудің күн тәртібі Қазақстан Республикасының ТМҰ-мен өзара іс-қимылының мәселелерін және әлемдік өзекті проблемалар мен өңірдегі ахуал бойынша пікір алмасуды қамтыды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
