Ақмола облысындағы сүт зауыттарының бірінде цехтардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылған, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға салдарынан екі жұмысшы жансақтау бөліміне түскен.
Almaty.tv телеарнасының хабарлауынша, жұмысшылар оқиға орнынан дер кезінде шығып үлгермеген. Екі адамға денесінің 30 және 40 пайызы күйген. Қазір екеуі де елордадағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Айта кетейік, жарылыстан кейін өрт шықпаған, сондықтан құтқарушылар шақырылмаған. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның себебін анықтап жатыр: техникалық ақау ма, әлде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы ма. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Жібек жолы ауылынан №1 көпсалалы қалалық ауруханаға күйік алған екі науқас жеткізілді. Екеуінің де жағдайы орташа ауыр. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
