Мұндай шешімді төтенше жағдай бойынша құрылған жедел штаб қабылдады. Енді қаладағы 4 мыңнан астам аула мен 24 мың подъезге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіледі.Дезинфекциялау жұмыстарын арнайы компания аптасына екі рет бекітілген кестеге сәйкес жүргізіп отырады. Осы орайда айта кету керек, бір күн ішінде қаланы түгел қамту мүмкін болмайтындықтан, қала аумағы үш бөлікке бөлінген. Ал подъездердегі тұтқаларды, кірберістерді жуып тазалау ПИК тарапынан жасалады.
Гүлнар ТӘЖІ