Алматының 15 аумағында коронавирустық инфекция ошағы бар
Алматының 15 аумағында коронавирустық инфекция ошағы бар
© Сурет интернеттен алынды
210
оқылды
Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылған. Жағдайлары – қанағаттанарлық, екі науқастың жағдайы орташа дәрежеде ауыр, нашарлаған жоқ. Қаланың провизорлық госпитальдарында 672 адам, карантинде – 598, үй карантинінде 1549 адам бар. Карантинге оқшауланған барлық азаматтың дене қызуы қалыпты деңгейде, катаральды құбылыстар жоқ.
Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша коронавирустық инфекция тіркелген барлық ошақтарда коронавирустың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Медицина қызметкерлері ошақтың аймағында орналасқан барлық тұлғалардың жағдайына мониторинг жүргізуде. Бүгінде Алматының 15 аумағында коронавирустық инфекция ошағы бар.
  • Алатау ауданындағы 2 жұқтыру ошағы Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой к-сі, 234 үй; Ақкент ықшамауданы, 7-де орналасқан.
  • Алмалы ауданы бойынша 4 ошақ. Яғни Желтоқсан көшесі, 125; Байтұрсынов көшесі, 78/1; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.
  • Медеу ауданында инфекцияның 3 ошағы тіркеліп отыр. Олар Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75.
  • Жетісу ауданында – 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.
  • Түрксіб ауданында 4 ошақ тіркелді. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63.
Қала билігі алматылықтардан карантин режимін қатаң сақтауды, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуды, жеке гигиена шараларын сақтауды, туыс, дос, әріптестері мен және тағы басқа адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды.
Мұндағы мақсат – әр адамның өзін коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету. Қала әкімдігі, медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметтері тарапынан індеттің ошақ аумағынан тыс жерге таралып кетпеуі үшін күшейтілген іс-шаралар атқарылуда. Өз кезегінде қаланың әрбір тұрғыны қаладағы жағдайға түсіністікпен қарап, жауапкершілік танытқан кезде індет жұқтырушы тұлғаларды тез анықтап, жедел түрде оқшаулауға мүмкіндік бар.

Гүлнар ТӘЖІ