Астанада «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық айлығы аясында таңертеңгі уақыттан бастап «Мөлдір бұлақ» акциясы өтіп жатыр.
«Мөлдір бұлақ» экоакциясы басталды
74
оқылды

Акция барысында су айдындарына жақын аумақтарды санитарлық тазартуға ерекше назар аударылып отыр. Жұ­мыс Есіл өзенінің жағалауы бойында, сондай-ақ Са­ры­бұлақ учаскелері мен басқа да су нысандарында жүр­гізілуде. Қатысушылар қоқыс жинап, жағалау ау­мағын тазартып, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіруде.

Экологиялық бастамаға елорда тұрғындары, комму­налдық қызметтер, жастар, еріктілер және белсенді қала тұрғындары атсалысуда. Қала әкімдігі барлық тұрғынды экологиялық айлықты қолдауға және ортақ іске өз үлесін қосуға шақырады. Бастаманың негізгі мақсаты – қоршаған ортаның, оның ішінде су ресурстарының тазалығын сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару және тұрақты экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір тұрғын мен ұйым қаланы абаттандыруға үлес қо­сып, оны таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы етуге атсалыса алады.

С.БЕГІМБАЙ