Баян Алагөзованың әрекетіне тәнті болып, нағыз жомарт жан екенін атап өттін
«Міне, жомарттық!»: Дана Нұржігіт Баян Алагөзоваға алғыс айтты
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
121
оқылды

Журналист Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлаған продюсер Баян Мақсатқызына алғыс білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Алагөзовтерді халыққа жақсылық  жасап, үлгі көрсетіп отырған отбасы деп санайтынын жеткізді.

«Алагөзовтердің отбасы жабайы буржуазия заманы аяқталғанының айқын дәлелі. Саналы қоғамға бетбұрыс, “өле жемей, бөле же! Халықпен бірге бол! Ортақ қазанға құйып, берекесін елмен бірге көр!” деген идеологияны қалыптастырып жатқан бірден бір отбасы. Алагөзовтердің барлық активтері тек Қазақстанда! Осында өндіріп, елде сатып та, сыртқа да шығарады. Отандық брендті дамытуға қосып жатқан үлесі сала-салада жүріп жатыр», – деді журналист.

Сонымен қатар Баян Алагөзованың әрекетіне тәнті болып, нағыз жомарт жан екенін атап өтті.

«Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін адамдар ретінде бүгін соның асқақ шыңын көрсетті. Жұртта қалған Қыз Жібегімізді салтанатты түрде, мәртебесіне сай – Патшайымдай сұлуымыздың өзі қалаған жерінен, өзінің сұқ саусағымен көрсететін Ақ Шаңқайлы үйіне құрметтеп қоныстандыратын болды. Міне, жомарттық, міне дәріптеу деген қандай болу керек! "Қанша батыр болса да, жауға салма жалғызды. Қанша шешен болса да, дауға салма малсызды" деп Ақтамберді жырау айтпақшы, менің де, сенің де Меруерт апайымызға көмегімізді беруге бар жанымыз күйіп тұр! Бірақ, оған қолың қысқа, қалтаң жұқа болған соң ортамызда кім бар еді деп мойын созасың ғой. Осындай да “Мен бармын!” деп оқ болып атылған жалғыз қызымыздың үнін естіп төбем көкке бір-ақ жетті-ау! Жарайсың, Баян!» – деп жазды ол.

Айта кетейік, Баян Алагөзова Халық әртісі Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлайтыны және сыйақы тағайындағаны белгілі болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.