Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жөніндегі Денсаулық сақтау министрлігінің есептері тыңдалды.
Денсаулық та цифрланады
153
оқылды

Ең алдымен, Аида Балаеваға денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстары туралы баяндалды. Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспа­нов e-Densaulyq бірыңғай архитек­турасы аясында мемлекет­тік ақпа­рат­тық жүйелерді кезең-кезеңімен біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Осылайша, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік ақпарат­тық жүйелер 7 негізгі цифрлық компонентке біріктірілуде. Жүйе­лерді кезең-кезеңімен іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін Бірыңғай денсаулық сақтау порталын және Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпа­рат­тық жүйені іске қосу жоспар­ланған. 

Жалпы, Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске асыру процестердің ашық­тығын қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлеріне түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және саланы басқару тиімділігін арттыруға мүм­кіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева денсаулық сақтау саласының цифрлық инфра­құры­лымын дамыту жұмысын жалғас­тыруды, Ұлттық жоба аясындағы іс-шаралардың уақытылы іске асы­рылуын қамтамасыз етуді, сон­дай-ақ бұл бағыттағы жұмысты облыс әкімдерінің орынбасарлары деңгейінде жеке бақылауға алуды тапсырды.