AIQYN қоғамдық-саяси газетінің редакциясы оқырмандарға арнап «Темірқазық» айдарын ашты
«Жапония жетістіктері Алаш қай­раткерлеріне көп ой салды» - Мұхтар Құл-Мұхаммед
Ашық дереккөз
161
оқылды

Жуарда AIQYN қоғамдық-саяси газетінде заң ғылымының докторы, профессор, академик Мұхтар Құл-Мұхаммедтің  Алаш пен жапон арасы атты мақаласына жарық көрді. Сол мақалада автор Алаш қайраткерлері жайлы кеңінен жазады.

Жапонның үш қаһарманы туралы жазу барысында Алаш қозғалысының көш басында тұрған үш арыс – Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мір­жақып Дулатов есіме түсті. Олар да жалғыз емес еді. Кейін олардың қатарына Ресейдің ең беделді жоғары оқу орындарын бітірген Ж.Ақбаев, М.Шоқай, М.Тынышбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Дос­мұхамедов, Р.Мәрсеков, т.б. Алаштың ардақты қайраткерлері қосылды. Енді осы тақырыпқа қарай ойысалық.

Бар әлемнен ауашаланып, ортағасыр­лық феодалдық басқару жүйесін сақтап келген жапон қоғамы Мэйдзи реформасы арқасында небәрі 30 жылдың ішінде зор табысқа қол жеткізді. Өзінен жер көлемі, халқының саны, экономикалық және әс­кери күш-қуаты жағынан әлденеше есе үлкен алып империя саналатын Ресейді теңіз бен құрлықтағы шайқастарда күйрете жеңген Жапония жетістіктері Алаш қай­раткерлеріне көп ой салады. 

Мақаланы мына сілтемеден толық оқи аласыз