Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды
© inform.kz
148
оқылды
Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлады Coronavirus2020.kz . "Қазақстанда 25 наурыз 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді", - делінген хабарламада.