Елімізде 500 мың адамға азық-түлік жиынтығы беріледі
Елімізде 500 мың адамға азық-түлік жиынтығы беріледі
© сурет интернеттен алынды
208
оқылды
Елімізде 500 мың адамға азық-түлік жиынтығы беріледі, - деп мәлімдеді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев. Дәлірек айтқанда, бұл көмек карантин аймағында тұратын және атаулы әлеуметтік көмек алатын 6-18 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар мен 1-топтағы барлық мүгедек жандарға беріледі. Сондай-ақ ол еліміздегі төтенше жағдай мен карантин бизнеске теріс әсер етіп, экономикаға үлкен салмақ түсіретінін, сондықтан билік кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.