Суретші Әсел Сабыржанқызы әлемдік жұлдыз Nicole Scherzinger-ге ерекше картина сыйлады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол әншімен кездескен сәттегі видеоны Instagram парақшасында жариялады.
Бейнежазбадан Pussycat Dolls тобының бұрынғы солисі Николь Шерзингер картинаны көргенде таңғалып, суретшінің жұмысына риза болғанын көруге болады.
"Мен Николь Шерзингерге картинамды сыйладым. Бұл түс сияқты. Ол өте ашық, мейірімді әрі сұлу жан екен. Тіпті мені құшақтап алды. Өкінішке қарай, ағылшын тілін жетік білмегендіктен ойымды толық жеткізуге мүмкіндік болмады", — деді суретші.
Желі қолданушылары оның еңбегін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
