Анықталғандай, елорданың 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген.
Астанада жаңа туған баланы заңсыз бергені үшін анасы ата-ана құқығынан айырылды
292
оқылды

Астана қаласының прокуратурасы жаңа туған баланы заңсыз беру фактісі бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауды қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Анықталғандай, елорданың 19 жастағы тұрғыны делдалдар арқылы жүктіліктің сегізінші айында жасалған жалған суррогат ана болу шарты негізінде өзінің жаңа туған баласын ерлі-зайыпты жұпқа ақшалай сыйақы үшін берген.

Соттың 2025 жылғы 23 мамырдағы үкімімен қыз және делдалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша кінәлі деп танылды. Сотталушыларға пробациялық бақылау белгілене отырып, шартты түрде 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ол кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің талап-арызы бойынша анасы ата-ана құқықтарынан айырылды.

Астана қаласының прокуратурасы балаларға қатысты заңсыз мәмілелер қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында екенін еске салады.