Оның айтуынша, Ерзаттың мәйіті Космос ауылы маңындағы көлшіктен табылған.
Із-түссіз жоғалған алматылық Ерзат Егінбайдың мәйіті табылды
155
оқылды

Ерзат Егінбайның қаза тапқаны туралы қаралы хабарды марқұмның жеңгесі Шаттық Жүргенова мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның айтуынша, Ерзаттың мәйіті Космос ауылы маңындағы көлшіктен табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмды қатыгездікпен өлтіріп, кейін суға тастаған болуы мүмкін. Мәйітті сол маңдағы балықшылар байқап, тиісті органдарға хабар берген.

Марқұмның туыстары Ерзат жоғалған алғашқы күннен бастап өз күштерімен іздеу жұмыстарын жүргізгендерін айтты. Олар бейнебақылау камераларын қарап, оның жүрген бағытын анықтауға тырысқан. Бірақ отбасы өкілдері жауапты органдар тарапынан жедел әрекет жеткіліксіз болғанын алға тартты.

Марқұмның жақындары кінәлілердің заң алдында толық жауап беруін және әділ жаза тағайындалуын талап ететіндерін жеткізді. Сондай-ақ олар бұл жағдайға байланысты жауапты тұлғалар да тиісті жауапкершілікке тартылуы керек деп есептейді.