Басқарма мәліметінше, медбикенің жұмысқа ресми рұқсаты болған.
Астанадағы ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды
132
оқылды

№1 қалалық аурухананда жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы растады.

Басқарма мәліметінше, медбикенің жұмысқа ресми рұқсаты болған. Сондай-ақ ол туберкулез бойынша байланыста болған адамдар тізімінде тіркелген.

Соңғы флюорографиялық тексеруден кейін алты ай және одан көп уақыт өткен барлық байланыста болған қызметкерлер қайта тексеруден өтті. Жалпы саны 39 адам тексерілген және олардың барлығынан теріс нәтиже шыққан.

Сонымен қатар денсаулық сақтау басқармасы соңғы үш ай ішінде медбикемен байланыста болған адамдар шеңбері анықталғанын мәлімдеді. Алайда олардың арасында инфекция жұқтырғандардың бар-жоғы нақты айтылмады.