Қостанай облысында 40 адам карантинде жатыр
Қостанай облысында 40 адам карантинде жатыр
© сурет интернеттен алынды
196
оқылды
Қостанай облысында 40 адам карантинде жатыр, - деп хабарлады Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі. Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ. «Бүгінгі таңда облыста 40 адам ауруханаға жатқызылды. ТМД елдерінен 177 адам, 1 «Б» санатына жататын басқа елдерден келген 19 адам үй карантиніне алынды», - деді департаманттің баспасөз хатшысы Сәуле Нұрпейісова. Өңірде пандемияға қарсы іс-шараларға тартылған дәрігерлерге 241 млн теңге қосымша төленбек. Тиісінше, ақ халаттылар кезекшілік бойынша күндіз-түні жұмыс істейді. Жалпы инфекцияға қарсы шаралар үшін 695 төсек-орын дайындалды.