Еліміз бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту жарияланды.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде  жаңбыр мен шаңды дауыл күтіледі
Фото: iStock
144
оқылды

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, кей жерлерде тұман, шаңды дауыл және үсік күтіледі. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жел екпіні кей жерлерде 15ө20 м/с-қа дейін жетеді.

Елдің көптеген облыстарында, оның ішінде Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Алматы облыстарында және басқа да өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с.  Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні  –15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күннің екінші жартысында Ақтөбе облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында күтіледі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

26 мамырда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында  екпіні – 15-20 м/с.  Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

26 мамырда түнде Жамбыл облысының тауыл аудандарда, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Алматы облысының тау бөктерінде, таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні – 18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт каупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда күндіз Абай облысында  шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

26 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.