Қайғылы оқиға 29 мамыр күні таңғы сағат 06:30 шамасында Индер–Қарабау тасжолының 15-шақырымында болған.
Индер–Қарабау тасжолындағы апат төрт адамның өмірін қиды
210
оқылды

Атырау облысының Индер ауданында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 29 мамыр күні таңғы сағат  06:30 шамасында Индер–Қарабау тасжолының 15-шақырымында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Sonata маркалы автокөлік аударылып кеткен. Көлікті 41 жастағы ер адам басқарған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.