Nur Otan партиялық бақылауды күшейтеді
Nur Otan партиялық бақылауды күшейтеді
5,383
оқылды
Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram-дағы парақшасында хабарлады. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Nur Otan партиялық бақылау комиссиясы аймақтардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысын күшейтеді. Бұл партияның қоғамдық қабылдауларына тұрғындардан келіп түскен өтініштерді жіті бақылау мақсатында жасалып жатыр",  - деп жазды ол. ⠀ Оның айтуынша, мұнда азаматтардың өтініштеріне жауап бермейтін, сондай-ақ БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрғындар көтерген мәселелер бойынша өздеріне жауапкершілік алып, дер кезінде тиісті шешімдер қабылдамайтын лауазымды тұлғалар туралы сөз болып отыр. ⠀ "Nur Otan сонымен қатар дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың ашық әрі тиімді жұмсалуына партиялық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді", - деп қорытындылады сөзін Бауыржан Байбек.