35 миллион теңге параны қаптағы ұнның ішіне тығып, темір бөшкеге жасырған (видео)
35 миллион теңге параны қаптағы ұнның ішіне тығып, темір бөшкеге жасырған (видео)
310
оқылды
Шығыс Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары мен облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр.   https://www.youtube.com/watch?v=aQSbMAfnWp4&feature=youtu.be Бұл туралы Агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.    width=
Аталған лауазымдағы шенеуніктер 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қолдау көрсеткені үшін  өңірдегі жауапкершілігі шектеулі серіктестік қожайынынан 35 миллион теңге көлемінде пара алған. Мол көлемдегі қаржы үйдегі темір бөшкенің ішіне жасырылған екен.
Қазіргі уақытта қос шенеунік те, ЖШС өкілі де тұтқындалып, қамауға алынған.  width= Қазір жемқорларға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе қаралуда. Соңғы шешім сот отырысында қабылданбақ. Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы