Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды
Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
127
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Нұрланұлы Жиенбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,   деп хабарлайды Aikyn.kz. сайты Akorda-ға сілтеме жасап.

Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2002-2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің жүйесінде еңбек еткен.

2005 жылдан бастап ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істейді. Аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімі  меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2012-2013 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

2013 жылдан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2019 жылы ҚР Премьер-министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, артынан ҚР Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 

2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі  болды.

Сонымен қатар ол «Құрмет» (2016), «Парасат» (2021), «Барыс» (2025) ордендерімен, ҚР Президентінің Алғысымен (2020), ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2021), 7 мерейтойлық медальмен марапатталған.