Берлин-Алматы чартерлік рейсінің 7 жолаушысы коронавирус жұқтырған
Берлин-Алматы чартерлік рейсінің 7 жолаушысы коронавирус жұқтырған
© Тұрар Қазанғапов
202
оқылды
Берлин - Минск - Алматы чартерлік рейсінің алты жолаушысы мен бір бортсерігінен коронавирус расталды, - деп мәлімдеді Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте. 12 адам болған чартерлік рейс Германиядан 12 наурыздан 13 наурызға қараған түні келген. Экипажды қоса алғанда, барлық жолаушы жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланды.
"Осы 12 адамның әрқайсысы, яғни тоғыз жолаушы мен экипаждың үш мүшесі жеке-жекеден оқшауланды. Диагноз 6 жолаушы мен бір бортсерікте расталды", - деді Молдағасымова.
Қаланың бас санитар дәрігері бұл рейстің тұрғындар үшін қауіпі жоқ екенін айтты, себебі ондағы адамдар дер кезінде карантинге жатқызылды. Еске салайық, соңғы деректер бойынша, Қазақстанда жалпы 79 науқас тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам.