Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Полицияның мәліметінше, 1988 жылы туған әйел көз жұмған. Оқиға орнына жеткен жедел медициналық жәрдем қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады.
– Аталған дерек бойынша Наурызбай аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, марқұм осы тұрғын үй кешенінде тұрған. Сондай-ақ полиция оның соңғы уақытта жеке өміріндегі қиындықтарға байланысты күйзеліске түскен болуы мүмкін екенін хабарлады.
Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
