Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта балалармен кездесті.
Рәміздер күніндегі тағылымды кездесу
121
оқылды

Еркін форматта өткен кездесуге 35-ке жуық бала қатысты. Ашық аспан астында ұйымдастырылған жүздесу барысында оқушылар облыс әкіміне өздерін қызық­тырған сұрақтарын қойып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен ма­ңызы туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында Марат Сұлтан­ғазиев балаларға мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары екенін айтып, оларды құрмет­теу әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

Сондай-ақ әкім мемлекеттік рәміз­дерге қатысты қызықты деректермен бө­лісті. Әсі­ресе, көк Тудың ғарыш кеңістігіне кө­теріліп, әлемнің ең биік шыңдарында жел­бірегені туралы айтылған мәліметтер ба­лалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара барысында балалар мемлекеттік рәміздердің авторлары, олардың мән-мағынасы және Қазақстанның халық­аралық деңгейдегі жетістіктері туралы сұрақтар қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жас қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

Облыс әкімі мұндай кездесулердің жас ұрпақтың бойында патриоттық құнды­лықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

«Мемлекеттік рәміздер – біздің тәуел­сіздігіміздің, бірлігіміздің және елдігі­міздің белгісі. Оларды құрметтеу – туған елге деген құрметтің көрінісі», – деді Ма­рат Сұлтанғазиев.

Жыл сайын 4 маусымда атап өтілетін Мемлекеттік рәміздер күні қазақстан­дық­тардың елдік құндылықтарға деген құр­метін арттыруға және өскелең ұр­пақтың патриоттық тәрбиесін нығайту­ға ба­ғыт­талған түрлі іс-шаралармен ерек­шеленеді.