Отбасы алдағы қорытынды тойды жақын жандарымен бірге атап өтуді жоспарлап отыр.
Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің құдалары Алматыға келді
132
оқылды

Белгілі кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қызы Алтынайдың енесі Ене Оби жас жұбайлардың той думаны әлі аяқталмағанын айтып, алда тағы бір үлкен салтанат өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оның сөзінше, Лондонда өткен неке қию рәсімінен кейін отбасы мерекелік іс-шараларды Алматыда жалғастырған. Бұл қала Алтынай үшін ерекше орын алады, өйткені ол осы шаһарда дүниеге келген.

«Бұл – қызымның туған қаласы. Сондықтан тойдың жалғасын дәл осы жерде, туған-туыстары мен жақындарының ортасында өткізуді қалады. Алда тағы бір үлкен той бар. Бұл үшінші әрі соңғы той болады. Ол алдағы бірнеше апта ішінде өтеді. Қазір соған қызу дайындалып жатырмыз. Тіпті мерекеге киетін киімдерімді де әзірлеуім керек», – деді Ене Оби.

Айта кеткен жөн, жұптың үйлену тойына байланысты мерекелік іс-шаралар бірнеше кезеңмен ұйымдастырылып жатыр. Отбасы алдағы қорытынды тойды жақын жандарымен бірге атап өтуді жоспарлап отыр.